Комитет АИБА-да (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) болып жатқан жағдайларға алаңдаулы екенін айтады. Федерацияда бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Сол үшін басқарушылар құрамын тексеруді бастады.
2017 жылдың соңында федерацияның экс-президенті Чинг-Куо Ву қаржылық жағдайды нашарлатты деген айыппен қызметінен босаған еді. Қазіргі уақытта AIBA президентінің қызметін өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов атқарып жатыр. Бұл ХОК-тің алаңдаушылығын туғызып отыр.
Айта кетейік, комитет аталған мәселені қайта қарайтын болады.