Биатлон
Биатлонға Қазақстан құрамасынан 10 спортшы (5 ер, 5 әйел) қатысады. Олар: Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко. Спортшылар спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета сындарынан өтеді.
Фристайл
Барлығы 9 спортшы (үш ер, алты әйел) барады. Могул сайысынан: Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Әміренова; Акробатикадан: Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов жарыс алаңына шығады.
Шаңғы жарысы
Шаңғы жарысына Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина барады.
Шорт-трек
Қазақстан құрамасынан жеті спортшы (бес ер, екі әйел) қатысады. Олар: Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким.
Коньки
Каннындағы мұз айдынға қазақстандық алты спортшы (бес ер, бір әйел) шығады: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).
Мәнерлеп сырғанау
Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Имамбек өз өнерлерін паш етеді.
Тау-шаңғы спорты
Қазақстанның атынан екі спортшы: Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева шығады.
Шана спорты мен трамплиннен секіру
Никита Копыренко шана спортына қатысса, Сергей Ткаченко трамплиннен секіреді.
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада 9-25 ақпан күндері Пхенчханда өтеді. Ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев Қазақстанның туын ұстап шығады.
Чемпионға 250 мың доллар беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.
Биыл АҚШ құрамасы Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет ең көп спортшы алып барады. Оларда 242 (107 әйел және 135 ер адам) жолдама бар.