Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан футбол чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар

Көрнекі сурет

Transfermarkt сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейтингте «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович көш бастап тұр. Ол 2 миллион еуроға бағаланған.

Қазақстан футбол чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар

Бұл тізімде екінші орынды «Қайрат» клубының ойыншысы Жерар Гоу алды. Алматылық клубтың спортшысы 1,8 миллион еуроға бағаланған. Ал үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушылары — Рохер Каньяс және Аруна Лукман қорытындылады. Олар 1,5 миллион еуроға бағаланыпты. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Қазақстан футбол чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар

Сонымен қатар, трансфер терезесі жабылғаннан кейін елордалық «Астананың» Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат клуб атанғаны белгілі болды. Transfermarkt сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл клубтың құрамы 15,2 миллион долларға бағаланған. Екінші орында 12,28 миллион доллармен «Қайрат», ал үшінші орында қостанайлық «Тобыл» (8,58 миллион еуро) тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *