Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлайды.
Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын экономист ретінде бастаған ол БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің директоры, Ақжайық ауданының әкімі қызметіне дейін көтерілген.

2015 жылдың маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Аталған қызметте ол экономика, қаржы, құрылыс пен автомобиль жолдарын жөндеу мәселелеріне жауап берді.