Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысы, Алакөлде жел 18-23 м/с күшейіп, түнде тұман басады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, күндіз Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады.