Басты бетҚысқы Олимпиадаға...

Қысқы Олимпиадаға 57 қазақстандық спортшы қатысады

Қазақстан Ұлттық құрамасының Олимпиадаға жеңіп алған жолдамалардың нақты саны анықталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми түрде хабарлады.

Құрама еншісінде 57 жолдама бар. Биатлоннан — 10, мәнерлеп сырғанаудан — 3, шорт-тректен — 12, конькимен сырғанаудан — 12, шаңғы жарысынан — 7, фристайл-могулдан-4, фристайл-акробатикадан-5, тау шаңғы спортынан-2, трамплиннен секіру-1, шаңғы спортынан-1.

Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлонистер кіреді. Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7-ші ақпанда олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.

Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның   Пхёнчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.