Нұрлан Қоянбаев «Таиландтағы демалыстың» жалғасын түсіреді

Нұрлан Қоянбаев аталған картинаның жалғасын түсіру жоспарда бар екенін айтты.

«Таиландтағы демалыс» — фантастика элементтері бар жастар комедиясы, түсірілімі 2016 жылы күзде болған.

«Біз монтажын аяқтап, айналымға дайындалып жатырмыз. Менің ойымша, «Таиландтағы демалыс» «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінен еш кем емес. Фильм қызықты, күлкілі әрі жарқын болып шықты. Жан Байжанбаев пен менен басқа, таспаға жас актерлар түсті. Қазір жалғасы туралы ойланып жатырмыз. «Дубайдағы демалыс» сияқты жоба түсірсек дейміз. Бірақ, соңғы сөз көрермендерде ғой. Егер оларға комедия ұнаса, екінші бөлімі де ұзақ күттірмейтін болады», — деді Нұрлан Қоянбаев.

ДереккөзBrod.kz