Нұрлан Қоянбаев тағы бір жаңа фильм түсірді

Картинаның қоюшы-режиссері Ален Ниязбеков. Ол бұрын «Питерден келген оралман» комедиясын түсірген.

«Тайландтағы демалыс» фильмі – тропикалық елдегі қазақ студенттерінің шытырманға толы оқиғаларын баяндайтын жастар комедиясы.

Басты рөлдерді Нұрлан Қоянбаев, Дәулет Бижанов, сонымен қатар, Диора Романова, Мадина мен Медина Тәліпбек, Газрет Ержанов сынды жас актерлар құрамы сомдайды.

Фильм 2016 жылы Таиландта және Алматы қаласында түсірілген.

Фильмнің тұсаукесері күзде болмақ.

ДереккөзBrod.kz