АҚШ-та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған. Мұнда барлығы кітапханада 200-ге жуық кітап бар.

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік», — деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева.

Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді.

Дереккөзcaravan.kz