Бүгін Астанада 1-ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды

Сонымен қатар, Астанада аязға байланысты қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының тоқтатылғандығы «Қазавтожол» РМК орталығында түсіндірілді.

«Құрметті қоғамдық көліктің жолаушылары!

Дизельдік отындағы көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттардағы жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Осыған орай, ауа райының аязды болуы себебімен қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Аталған бағдарлар қозғалысының жаңартылғындығы жөнінде кейін хабарлайтын боламыз», — деп жазылған таратылған ақпаратта.