Еуропа сарапшылары жалған жаңалықтармен қалай күреспек?

Комиссия мүшелері Еуропа Одағының «фейк жаңалықтар» құбылысымен күресу стратегиясын дайындауда. Стратегия биылғы жылдың сәуір айында ұсынылады.

ЕО-ның цифрлық экономика және қоғам бойынша комиссары Мария Габриэль 2017 жылы қарашада топ жұмысына қатысуға өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеп, 300 үміткердің арасынан 40 адамды таңдап алған.

Мария Габриэльдің айтуынша, фейк ақпараттар БАҚ беделі мен демократиялық елдердің беделіне нұқсан келтіріп, «демократиялық құндылықтарды» аяқасты етеді. Габриэль фейк жаңалықтарды анықтау мен таратудың әдістерін жасауға шақырды.

«Жалған жаңалықтар «асқан жылдамдықпен» таралып жатқан кезде біз ақпарат көздерінің сенімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», — деді Мария Габриэль.

Сарапшылар тобын Нидерландтағы Утрехт университетінің профессоры Мадлен Де Кок Бунинг басқарады. Ол интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және БАҚ туралы заңнамалар бойынша маман саналады. Бұл топ құрамында, сонымен қатар, AFP және ARD сияқты медиакомпаниялар мен Facebook, Google және Twitter тәрізді интернет компанияларының өкілдері де бар.

ДереккөзBaq.kz