Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында екі автожол жабылды

«15 қаңтар күні дауыл тұрып, көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты «Үшарал-Достық» автожолының Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі (83-184 км) учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қарлы боранның соғуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 287-558 км учаскесі жүк көліктері үшін жабылды.