Қыста көлікті қалай басқару керек?

  • Жауын-шашын немесе көктайғақ болған күндері көліктің тоқтау жолы бірнеше есеге өседі. Сондықтан, жақын қашықтықтағы көліктер мен адамдарды өткізіп барып жылдамдықты көбейту керек.
  • Күн сәулесін қайтаратын элементтері бар аксессуарларды жиі пайдаланыңыз. Алтын түсте білезіктер, жапсырғыштар, брелоктар мен күн көзінен қорғайтын көзілдірік тағу жол-көлік оқиғаларының ықтималдылығын 85 пайызға дейін азайта алады.
Кыста көлік жүргізу
©Baribar.kz
  • Жаяу жүргіншілер өтпесінен баламен өтетін болсаңыз, оны қолынан емес, киімінің сенімді жерінен ұстаңыз. Себебі, баланың қолғабы шешіліп қалу қаупі бар.
  • Көліктер жылдамдығын басқара алмайтын, тоқтайтын және қайта жүретін аялдама, көше қиылысы, қақпа алды, тік еңіс жерлерде абай болыңыз.
  • Көліктер мен адамдар көп жүретін жерлерде мұз пайда болады. Жүргізушілер мұндай жерлерді аңғармай газ басқан кезде, көліктің дөңгелегі басқарылмай қалуы мүмкін. Сондықтан, мұндай жерлерде аса сақтықпен қозғалған жөн.
Мұз бетіндегі қауіпсіздік
©Baribar.kz

Қыс мезгілінде мұз бетімен жүрмеу керек. Алайда, қажет болған жағдайда мына ережелерді ескерген жөн:

  • Мұз бетінің қалыңдығын аяқпен тексеру қауіпті, одан да қолыңызға таяқ алып, сонымен тексеріңіз.
  • Мұздың бетіне қараңғы уақытта, жаңбыр және боран кезінде шықпаңыз.
  • Бетін қар жапқан мұзбен жүрмеңіз. Себебі, мұз бетінде жарықтар мен тесіктерді байқамай қалуыңыз мүмкін.
  • Мұздың үстінде топ болып жүрмеу керек. Әр адамның арақашықтығы 5-6 метр болғаны жөн.