Арнайы жәрдемақы кімдерге беріледі?

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұл жәрдемақы нақты кімдерге берілетінін айтты.

“Қазақстанда бұл жәрдемақылар қазір де төленіп отыр. Отбасыда мүмкіндігі шектелген сәби бар адамдар 29 мың көлемінде алады. Енді біз айтып отырған жәрдемақы бойынша мүгедек бала 18 жасқа толғанша төленіп отыр. Ал Елбасының тапсырмасына сәйкес, сол балалар өссе, өзі І топтағы мүгедек, жүре алмайды, ата-анасының қамқорлығында, 18 жастан асса да, ата-аналарына берілетін жәрдемақыны жалғастыра береміз. 29 мың теңге көлемінде қалады. Әрі қарай өмір бойына төленеді”, — деді Светлана Жақыпова.

Ол арнайы жәрдемақының І топтағы мүгедек балаларға ғана қатысты екенін, қалған топтар саналмайтынын атап өтті.

ДереккөзBaq.kz