Қазақстан аумағында алдағы үш тәулікте ауа температурасы төмендеп, республиканың басым бөлігінде қар жауады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады деп болжануда.
Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде жел күшейіп, боран соғады.
Ал метеорологтардың айтуынша, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.