Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 м\с, екпіні 25 м\с, кей жерде 30 м/с асады, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Қарағанды облысында жел соғып, бұрқасын болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында да жел 15-20 м\с, кей жерде 23-28 м/с болып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман болады, жел 18-23, Жалаңашкөл ауданында 27 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.