Суреті бар шұлықтар

A post shared by Happy Socks (@happysocks) on

Жаңа жылда түрлі түсті және суреті бар шұлықтардың танымалдылығы 72 пайызға артқан. Бұл тек жастар арасында ғана емес, барлық жастағы адамдарға ортақ сәнге айналады деп болжайды сәнгерлер. Әлемнің танымал тұлғалары суреті бар шұлықтарды тек спорттық аяқ киімдермен ғана емес, классикалық үлгіде де, тіпті жаздық ашық аяқ киіммен де үйлестіріп кие бастаған.

Көпқабатты киім

A post shared by WANDA NYLON (@wandanylon) on

Көпқабатты киім үлгісі жаңа образ болмаса да, қайта танымалдылыққа ие болып келеді. 2018 жылы қыздар арасында ұзын және еркін стильдегі киімдер сәнде болмақ. Аталған трендтің танымалдылығы 102 пайызға артқаны осыған дәлел.

Пластик

A post shared by KARL LAGERFELD (@karllagerfeld) on

Танымал дизайнерлер пластиктен жасалған киімдерді өз коллекцияларына өткен жылы қосып үлгерді. Жақында дүкен сөрелерінен пластиктен жасалған аяқ киім, сөмке, тіпті шалбар мен сырт киім көрсеңіз — таңқалмаңыз.

Кең шалбар

A post shared by Phoebe Soup (@phoebesoup) on

2018 жылы тар джинсылар мен спорттық шалбарларды кең шалбарлар сәні басып озбақ. Аталған киім түрі 213 пайызға артық ізделген. Келесі жылы кең жеңді кофталар мен сырт киімдер де сәнге айналады дейді мамандар.

Үлкен сырға

A post shared by Giorgio Armani (@giorgioarmani) on

Үлкен сырғалардың суретін сақтап алғандар мен іздегендердің көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 947 пайызға өскен. Көзге түсуді, ерекшелікті ұнататын қыздар қауымы енді ерекше өрнектегі үлкен сырғаларға акцент қоюды дұрыс деп тауыпты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!