Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралған жаңа топ ашты

«Ал, таныс болыңыздар! Менің жобам «NAZAR» тобы! Ресми парақшамызға @nazar_officialpage @nazar_officialpage қосылып, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар! Сәттілік серігіміз болғай!», — деп жазды әнші.

Топта төрт қыз бар. Олардың есімдері Анель, Еркежан, Салтанат, Аяжан (суретте солдан оңға қарай). Жаңа топтың директоры Азамат Алтынбековтің айтуынша, әзірше топ солистері жайлы мәлімет құпия ұсталып отыр екен. Жуырда топ ресми түрде таныстырылады.

Әуелбекованың директоры Меруерт Әуелбекованың айтуынша, бұл әншінің алғашқы продюсерлік жұмысы. Алайда ол да топ жайлы мәліметтер туралы ресми таныстырылымға дейін тіс жарып айтпайтынын мәлімдеді.

Дереккөзtengrinews.kz