«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырып, жауапкершілігі мол міндеттемелерді жүзеге асыратын болады. Биыл цифрлық Қазақстан бағытындағы маңызды элементтердің бірі — «Астана» халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар технопаркі өз жұмысын бастауы тиіс», — деді Министр.
Айта кетейік, Шорманов Ербол Әлімқұлұлы 1968 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Ербол Шорманов еңбек жолын 1991 жылы ҚР Кеден органдарында бастап, 2005 жылға дейін қызмет етті. Ол 2015 жылғы 20-тамыздан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін Басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.