Бұл туралы Ресей Федерациясы ОСК басшысы Элла Памфилова мәлімдеді.
«67 үміткердің өтінімі келіп түсті. Олардың 21-і партия өкілдері, 46-сы өзін-өзі ұсынғандар», — деді Элла Памфилова жексенбі күні «Россия 1» телеарнасының «Вести» бағдарламасында.
Кеше президент сайлауына қатысуға өзін-өзі ұсынушылардың құжатын қабылдайтын соңғы күн болды. Ресейде сайлау 18 наурыз күні өтпек.
Еске сала кетейік, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, тележүргізуші Ксения Собчак та өз кандидатурасын ұсынған болатын.