Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова — төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы, еліміздегі шахматшы қыздардың көшін бастап тұрған талантты қыз. Оның «Шахматтағы алғашқы қадамдар» деген кітабы бар. Биыл ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық елшісі болып сайланды.

«Asian Chess Excellence Awards» — шахматшыларға 2014 жылдан бастап беріліп келе жатқан сыйлық. Алғашқы жылдары «20 жасқа дейінгі үздік шахматшы» аталымын Жансая Әбдімәлік алса, 2014 жылдың үздік жаттықтырушысы болып Евгений Владимиров танылған еді.