Жансая Әбдімәлік халықаралық турнирде ерлерге арналған норманы орындады

Жансая АҚШ-та өткен халықаралық «World Open-2017» турниріне қатысқан.

«Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады: ол алты партияны жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Рейтингі 2595 қытайлық гроссмейстерден ұтылды. Соңғы партияда рейтінгі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды.Қазақстанның шахмат тарихында 17 жастағы қыз ер адамның халықаралық нормасын орындады! Бұл керекмет жетістік! «, — дейді Жансаяның әкесі Данияр Әшіров.

Айта кетейік, сондай-ақ Жансая халықаралық рейтингте 30 пунктке жоғарылады.

Дереккөзkaz.vesti.kz