25-31 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме қатарынан жүреді. Олар: Мұхтар Байбосыновтың «Ұлы музыканттарға құрмет» атты жеке көрмесі, Жанна Спунердің коллекциясынан құралған «Кеңістіктегі қозғалыс» атты көрме мен «Елбасы арманы – асқақ Астана» фотокөрмесі.
27 желтоқсан күні «Астана» концерт залында «Magic moment» камералық хор концерті, «Астана операда» «Травиата», 28 желтоқсанда «Барлық кезеңдегі әуен» концерті, 30, 31 желтоқсанда «Астана операда» П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қойылады.
25-30 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында А.Салбановтың «Ойыншықтар оянғанда» ертегісін көрсетеді, ал «Жастар» театры Дж. Родаридің «Чиполлиносын» сахналайды.
Сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайында көрермендерге алғашқы жаңажылдық «The Snow man show» триллерін ұсынады, ЭКСПО аумағында 18 ақпан, 2018 жылға дейін созылатын «Astana Winter Land» қысқы фестивалі жалғасын табады.
ЭКСПО аумағындағы амфитеатр мен қала алаңында жаңа жылдың соңғы күні қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Есіл жағалауы мен ЭКСПО аумағы, Абылайхан қиылысындағы сквер мен Пушкин көшесінде мерекелік отшашу болады.