Басты бет Жаңалықтар «Медеу» мұз айдынында коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

«Медеу» мұз айдынында коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 24 желтоқсан күні «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өткізіледі. Бұл туралы Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

©KaliningradGid.ru

Тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын, сонымен қатар арнайы мерекеге қарсы өткізіліп жатқан спорттық шараға ата-анасының қамқорлығынан айырылған 200 жуық балалар, Алматының «SOS балалар үйі» және «№1 балалар үйі» тәрбиеленушілеріне коньки тебуді тегін үйретеді.

Шара сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар келген қонақтарға көптеген сыйлық табыстап, концерттік бағдарламалар өткізбек.

Спорттық шараның басты мақсаты – қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл іс-шара «Спорттық Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың жиырма бесінші ақпанында қосылған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version