13 тамызда «Спорттық Алматы» велошеруі өтеді

Қазақстанда жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде «Спорт күні» аталып өтіледі. 13 тамыз күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласында велошеру өтеді.

©Inform.kz

Қатысуға ниетті тұрғындар таңғы сағат 08:30-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығына жиналады. Велошеруде лоторея арқылы бағалы сыйлықтар ойнатылады.Қатысушылар 9 шақырым қашықтықты бағындыруы керек.

Велошеру «Нұрлы Таудан» басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады. Бағалы сыйлықтардан бөлек, жеңімпаздарға арнайы велосипедтер сыйға тартылады.

Алматы жолдарында жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар велошерудің бағытын өзгертпейді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version