Бірнеше халықаралық бренд елімізде қолданысқа енуі мүмкін

Олар көбіне ритейл, кофехана, медициналық және өзге де қызмет түрлерін ұсынатын Жапония, Оңтүстік Корея және австралиялық компаниялар болуы ықтимал. Қазіргі таңда Қазақстанда бренд маркалы киім сататын әйгілі дүкендер мен фаст-фуд желілерінің көшірмелері жеткілікті. Сондықтан кәсіпкерлердің бұл салаға деген қызығушылығы соңғы уақытта едәуір артқаны байқалады.

«Танымал шетелдік брендтердің Қазақстан нарығына кіруі елдегі бизнес-климаттың жақсы қалыптасқандығының хабаршысы», – дейді сала мамандары.

Сондай-ақ дайын бизнестің франшизасын алу жалпы нарықтың сапасын жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Бекнұр Кисиков, Қазақстан франчайзинг қауымдастығының басшысы:

Франшиза несімен жақсы? Адам бизнеспен ешуақытта айналыспауы мүмкін. Мысалы, Англияны алайық. Үй шаруасындағы әйел, зейнеттегі әскери, полиция немесе мұғалім кәсіпкерлікпен айналысқысы келсе олар дайын бизнестің тұжырымдамасын сатып алады. Оларды тез арада бизнесті қалай жүргізу керектігіне оқытады. Айта кететіні, өте жақсы, тиімді кәсіпкерлікке оқытады.

Дереккөз24.kz/kz