Оңтүстік Корея зымыран аңдитын жүйені іске қосты

Жапония және АҚШ әскерлері елдің солтүстік аумағында радиобелгілер жиілегенін айтады. Бұл Пхеньян тағы да зымыран ұшыруға дайындалып жатуы мүмкін деген күдік туғызып отыр.

Оңтүстік өкілдері «бұл қысқы әскери жаттығуға әзірлік болуы да ықтимал» дейді. Дегенмен, АҚШ-тың Гавай штатында ядролық қаруға қарсы ескі дабыл жүйесі қайта іске қосылды. Жергілікті билік оны 1 желтоқсанда тексеруден өткізюбек. Содан кейін әр ай сайын дабыл қағылып, дайындық жүргізілетін болады.

Естеріңізде болса, Солтүстік Корея биыл сәуірден қыркүйектің ортасына дейін ай сайын бірнеше зымыран ұшырумен болды. Бірақ қыркүйекте ядролық қару мен баллистикалық зымыранды сынақтан өтікізген соң бұл бағыттағы іс-әрекет толастаған еді.

Дереккөз24.kz