100 жыл бұрын жойылып кеткен жануар табылды

Аустралиядағы «Стюрт» ұлттық паркінде қоршаған ортаға бақылау жүргізу барысында жалқұйрықты қалталы тышқан (мульгара) табылды, — деп хабарлайды Sydney Morning Herald басылымы.

Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің экологы Ребекка Весттің сөзінше, бұл бірегей жаңалық екен, өйткені тышқандардың бұл түрі Аустралия аумағында алғаш рет табылып отыр.

«Тышқандардың бұл тұқымы құмды жерлерде көптеп тараған болатын, алайда, қоян, мысық пен түлкілер әсерінен жойыла бастаған еді. Бұл кеміргіштің салмағы 150 грамм, түсі ашық және құйрығында қара жалы болады», — дейді ғалым.

Осы уақытқа дейін бұл кеміргіш бір ғасырдай уақыт бұрын жойылып кетті деп есептеліп келген.

Дереккөзtengrinews.kz