«Казахстанская правда» басылымының Youtube желісіндегі парақшасында жүктелген видеосұхбатта Әлмира Ахатова қазақ тілінде сұхбат береді. Атыраулық арудың барлық қойылған сұрақтарға мүдірмей таза қазақша жауап беріп жатқанын байқауға болады.
Байқауда 600 арудың арасынан топ жарып шыққан бойжеткен қуанышымен бөлісіп, барлық қазақ қыздары «Қазақ аруы» атануға лайықты екенін алға тартты.
Тілшілердің бірі бұған дейін кастингке барып көрдіңіз бе деп орыс тілінде сұрақ қойғанда, ару еш кідірместен қазақ тілінде жауап қайтарады. Өзгелердің де сауалдарына ана тілінде жауап беріп отырған Әлмира Абайдың туындыларын сүйіп оқитынын, 120-дан астам көркем сөздерін жатқа білетінін айтады.
Жап жақсы.Бір орысша қоспай жауап берді. Жарайсың.Сабырлы білімді қыз екені көрініп тұр.
Керемет! Ана тілімізді құрметтеп, қолдап және қолданған ақылына көркі сай аруы! Тектілік деген осы.
Өзінің тілін келсін келмесін өзге тілге бұрап сөйлер мәденйетті сымақ боп қорашсынып қарадан қарап тозып жүрген желөкпелер-жарыместер көріңдер. Қазақ тілінің қандай татті екенін, өстіп сөйлеңдер сіресрей, сыйқырсымай. міне біздің қыздар!
Міне-міне,әне!
Жастарымызға үлгі болатын жақсы қылық! Орысша білмейтін сияқты емес. Тек өзінің тіліне деген құрметі жоғары деп ойладым.
Керемет!
Мына қазіргі қазақ тілі өз қазағынан теперіш көріп жүрген заманда бүкіл халық алдында таза қазақша сөйлегені ҮЛКЕН АЗАМАТТЫҚ! Өркенің өссін, айналайын! Әттең, қасыңдағы апаң да қазақша сөйлегенде ғой…
Керемет !
Қазақ бауырлар Алла разы болсын Әлмира қарындасымызға текті, сабырлы, ибалы қыз. Барша қара көздерміз осындай болсағой ин ша Алла, Алла екі дүниенің берекесін берсін. Шымкенттен қазақ қандастарың