Басты бетЖаңалықтарҚыста жеміс-жидекті...

Қыста жеміс-жидекті қалай таңдау керек?

Дүкен сөрелерінен қыс мезгілінде бұзылған немесе шіріген жеміс-жидекті кездестіру қиын. Себебі, олар тропикалық елдерден тасымалданатын болғандықтан ұзаққа төзімді болуы үшін түрлі тыңайтқыштар пайдаланылады. Жарамдылық мерзімін арттыру мақсатында тағамдық үстемелер мен пестицидтер, тұтынушыны өзіне тарту үшін түрлі иістендіргіштер мен түс берушілер қолданылады.

Мандариндер – жаңажылдық мейрамның символы. Ең дәмді мандариндер Испаниядан келеді. Бұл мандаиндер көлемі жағынан ірілеу, ашық қызғылт түсті болады. Ал түріктердің мандариндері жасыл-сарғыш келеді. Түркияның мандаиндері қышқылдау әрі сүйегі көп. Абхазиядан әкелінетін мандариндер ұсақтау әрі қабығы жұқа болады. Желтоқсан айы мандарин саудасы қыза түсетін шақ. Алайда, сырты әдемі, жылтыр өнімге қызығып сатып алғандар кейін саусақ тістеп қалып жатады. Сондықтан, сатып алмас бұрын бір мандариннің дәмін татып көрген артық болмайды.

Мандарин
©agroinfo.com

Қыс мезгілінде мандариндермен қатар ананастың да саудасы қызиды. Ананастың сапасы оның қалай жеткізілгендігіне байланысты. Негізінен ананас ұшақпен жеткізіледі. Оның сапасын жасыл әрі қатты жапырақтарынан білуге болады.

Ананас
©123RF.com 

Ал анарды қабығына қарап таңдаңыз. Оның түсі қанық қызыл, кейде қызғылт болады.

Құрманың піскені жұмсақ болады. Қаттысын тоңазытқышқа салып, кейін жібітіп барып пайданған абзал.