Польша ғалымдары адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап тапты. Бұл гель ауытқуларды зерттеп, тиімді дәрі-дәрмек жасап шығаруды жеңілдете түседі.
Сондай-ақ, гидрогель қандай да бір дәрі жасап шығару үшін жануарларға жүргізілетін тәжірибелерді де азайтуға көмектеседі.
«Ойлап тапқан сулы геліміз зертханалық жағдайда адамдардың денесіндегі жасушалардың өсу ортасын қалыптастырады. Ол сонысымен құнды», — деді зерттеуші Мартин Кризкавски.
Айта кетейік, поляк ғалымдары болашақта бұл гельді барлық зерттеу орталықтарында пайдалана бастайтынына сенімді.