ҚР Президенті Бас мүфтиге дайындалып жатқан діни қызмет туралы заң жобасының негізгі қағидаларын елге насихаттауды тапсырды. Кездесу барысында Елбасы «азаматтардың діни бостандығын қамтамасыз ету үшін мемлекет қажеттінің бәрін жасады» деп атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «дәстүрлі ханафилік мазхаб ағымының ілімін дәріптеу үшін білікті имамдарды» тарту тапсырмасын берді.
«Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сән үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек», — деді ол.
Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев ҚМДБ өкілдерімен кездесуде сақал қою мен шалбар балағын қысқартуға заңмен тыйым салу керек деген еді.