Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

Құрылтайға қатысқан 300-ден астам делегат Серікбай қажы Оразұлының кандидатурасын қолдады.

«Маған көмекші болу оңай еді. Бірақ таңдау солай болса, бұл міндетті атқаруға дайынмын», — дейді Серікбай қажы Оразұлы.

Енді ол бұл қызметті 4 жыл атқаратын болады. Сондай-ақ Бас мүфти орынбасарлары лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Əділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды.

Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы 1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.

Еңбек  жолы:

Алматы мешітінің  наиб имамы;

Ислам институтының ұстазы;

Ислам институтының  ректоры;

Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы;

ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;

Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;

ОҚО. Сарыағаш ауданының Бас имамы;

Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері;

Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы;

ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қажылыққа барған.

2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.

2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды.

2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.

Дереккөзinform.kz