Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Бұл мереке адамдардың бойы­на сенімнің, үміттің және сүйіспен­­ші­ліктің сәулесін дарытып, дәс­­түр­лі рухани-адамгершілік құн­­­ды­лық­тардың айналасына бірік­­тіруде.

Рождество діндарлардың жү­рек­­терін ерекше қуанышқа, бақыт­­­қа және таза пейілге кенел­теді. Бұл өзара түсіністік пен мейі­рім­­ділік­тің, жақын жандарға қамқор­­­лық­­тың және көмекке зәру адам­дарға ­шынайы көңіл бөлудің уақыты.

Барлық конфессиялар өкіл­дерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда.

“Жарқын Рождество ме­рекесінде шын жүрегімнен бар­шаңызға зор денсаулық, ба­қыт, молшылық және игілік тілеймін”, – делінген Елбасының құттықтауында.

Дереккөзakorda.kz