Алдағы келіссөзде «тұтқындарды босату, құрбан болғандардың мәйіттерін беру және із-түзсіз жоғаландарды іздеу жөніндегі жұмысшы тобын құру тәртібін» бекіту жоспарланып отыр.
«Келіссөзге қатысатындар деэскалация аймақтарының қызметін талқылап, Сирияда гуманитарлық бейбіт аймақтарды, оның ішінде ЮНЕСКО нысандарын минадан тазарту жұмыстары туралы бірлескен мәлімдемені бекітпек ниетте»,- делінген СІМ хабарламасында.
Астанада қазанның соңында өткен келіссөздің жетінші кезеңінде гарант елдер — Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей, Түркия және Иран қақтығысушы тараптардың «сенімді нығайту» шараларын жасау қажеті туралы бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.