Қостанай облысында Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш орнатылды

Өлкетанушы Еділбай Ахметовтің айтуынша, мүсінде Шоқанның кадетте оқып жүрген кезі бейнеленген.

«Біз жас Шоқанның ескерткішін орнатуды шештік. Өйткені, ол жас жағында осы Күнтимес ауылында өмір сүрген. Бұл идеямыз көп жылдан соң іске асып отыр. Жас Шоқанның ескерткіші ел бойынша өте аз, жоққа тән деп айтуға болады. Мұнда Шоқан атамыздың кадетте оқып жүргендегі кезі бейнеленген», — дейді өлкетанушы Еділбай Ахметов.

Айта кетейі, мүсіннің авторы — Егор Кислицин.