2017 жылдың ең үздік қорқынышты фильмдерін білесіз бе?

Қорқынышты фильмнің желісі ветеринарлық колледжге оқуға түскен вегетариандық қыздың басынан кешкендері туралы баяндайды. Оның шикі ет жеуден басталған студенттік рәсімінен кейін бойында адам етін жегісі келетін құмарлығы оянады. Геренс Марилье мен Эллой Рамф ойнаған картина 34 жастағы Дюкорноның дебюты. Ол Канн кинофестивалінде FIPRESCI халықаралық Киносыншылар федерациясының сыйлығын иеленді.

Екінші орында америкалық режисер Джордан Пилдың «Прочь» деген туындысы тұр. Фильм қара нәсілді фотографтың ақ нәсілді қалыңдығының бай ата-анасымен танысуынан бастап өрбиді. Танысу рәсімінен соң «зиялы қауым» өкілдерінің нәсілшіл екені анықталып, өмір үшін күрес басталады.

Үшінші орын австралиялық жұптың «Гончие любви» лентасына бұйырды. Фильм жоғары сыныптың оқушыларын ұрлау, зорлық көрсетіп, өлтіру сияқты желімен шарықтай береді.

Сондай-ақ, үздік ондықтың қатарында «Смертоносная земля», «Февраль», «Сплит», «Оно приходит ночью», «Дары смерти» және «Очень темные времена» фильмдері бар. Ал тізімнің ең соңын Даррен Аронофскийдің басты рөлде Дженнифер Лоуренс ойнайтын «мама!» деген лентасы тұйықтаған.

Еске сала кетсек, жақында 2017 жылдың ең нашар фильмдері анықталған болатын.

Дереккөзbaq.kz