Алматы қаласы «Ақпараттық ресурстық орталығы» мемлекеттік тапсырыс жоба бойынша өткізген зерттеуде 2500-ден астам азаматтар мен 50 ҮЕҰ өкілдерінен мемлекеттік тапсырыс деңгейінің көтерілуі, қандай да бір өзгерістер енгізуі жөнінде, әлде болмаса қандай да ұсыныстарыңыз жайында 5 аймақта сауалнама жүргізді.
Халықтың мемлекеттік тапсырыс беру арқылы мәселелері шешіліп жатыр ма, оның ықпалы қандай? Бұл жерде халықтың жеке пікірін алып ескеру өте қиын. Себебі барлық жұмыстарды өнім беруші, ҮЕҰ немесе ЖШС атқарып жатқаны халыққа маңызды емес. Халық тек қана жергілікті атқарушы органнан нақты жауапты талап етеді.
Сондықтан тапсырыстың бағасын халықтан алу дұрыс емес. Мұны бірінші кезекте оның тиімділігін, жалпы дәрежесін анықтау үшін тапсырыс берушіден сұраған жөн. Себебі ақшаға жауап беріп, қамтамасыз ететін ол мемлекеттік мекеме.
Мемлекеттік тапсырысқа қандай мүмкіндіктер беруге болады, қандай жаққа өзгерту керек, халыққа мемлекеттік тапсырыс арқасында әлеуметтік көмек алып жатқанын білуге қандай баға беруге болады деген сұрақтарға: «біраз ҮЕҰ бір күндік «сезондық» жұмыс жасайды, ал басқа уақытта ол халыққа тұрақты көмек көрсетпейді, өйткені тұрғылықты мекен жайы жоқ, қажетті техникалық жабдықталуы жоқ. Кез келген ҮЕҰ жылда он екі ай жұмыс істеп тұрса да, ол қай жақтан қаржыландырып жатқаны маңызды емес, шынайы халыққа жасалған жұмыстың нәтижесі маңызды. Сондықтан, ең бірінші ҮЕҰ-да мониторинг, талдау, жобаларды бағалау жұмыстарын жүргізу қажет. Халықтың негізгі проблемарын анықтау үшін талдау жасап, халық арасында ҮЕҰ туралы ақпараттық жұмыстарын кеңінен жүргізу керек деген ұсыныстар айтылды.
Сауалнама жүргізуде жыл сайын беріліп жатқан лоттардың санын көбейтсек, тапсырыстың тиімділігі көтеріле ме? Лоттың саны мен қаржының саны бір сапаға жетпейді, себебі ол жерде белгілі бір рейтинг болғаны дұрыс. ҮЕҰ-лардың жұмысын талдау үшін бірінші бағалап, сапаларын аныктау мониторингін жасау керек. Мәселе халық талап етіп отырған қызмет көрсету деңгейінде.
ҮЕҰ-ға мониторинг жасап баға беру керектігі жөнінде де ұсыныстар айтылды. Және де 3 жылдық немесе 5 жылдық жоба қарастырылуы кажет екендігі айтылып кетті. Мысалы, белгілі бір жобалардың маңыздылық мақсаттары бір, екі немесе жарты жылда шешіле қоймайды. Содан кейін тапсырыстың тиімділігі қаражаттың мөлшеріне де байланысты, қаражаттың басым көпшілігі демпинг бағасымен кетіп жатады, деген пікірлер айтылды. Жоспарланған нәрсе 50%-ға төмендетілгеннен кейін жұмыстың сапасы да төмендейді.
Көптеген заңдар қабылданғанмен, заңның тармақшалары аяғына дейін қарастырылмаған. Сондықтанда әрдайым заң қабылданған соң, бірнеше рет өзгерістер енгізіп отырамыз. Заң мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестендіріліп шығарылғанымен, жергілікті жерлерде енгізілмей жатады. Шын мәнісінде халық пен жергілікті атқарушы органдарға тиімді ме, тиімді емес пе оның бәрі кейін қарастырылады.
Зерттеу барысында мемлекеттік тапсырысты қай жолдарымен жақсартуға болады десеңіз: ҮЕҰ-ның институционалды дамуы, мамандандырылуы, жобаларды талдау, бағалау үшін тапсырушы мекемелер стандартты бақылау жүйесін қабылдау керек.