Көліктердің түрлі деңгейдегі нысандарға соқтығысу кезіндегі төзімділіктері тексерілді. Оның ішінде алғаш рет жолаушы отырған жағымен бетпе-бет және бүйір жағымен соқтығысу да бар.
Одан бөлек мамандар машина шанағының беріктігін, креслосының, бас сүйегішінің қауіпсіздігін, балалар креслосын бекіту қолайлылығын және фараларының жарықтандыруын да назардан тыс қалдырмады.
Жалпы олар төрт деңгей бойынша бағаланды: жақсы, жарамды, шектен тыс және нашар. Жоғары ұпайға 15 автомобиль ие болды. KIA Forte, Soul, сондай-ақ Huyndai Santa Fe, Huyndai Santa Fe Sport машиналары жолаушы отыратын алдыңғы орын мен балалар креслосын бекіту жүйесі үшін жоғары ұпайға лайық деп танылды.
Ал мамандардың бағалауынша, балалар орны Жапонияда шығарылған көліктерде қауіпсіз болып табылады. Олар – Subaru Impreza, Legacy және Outback, Toyota Camry. Үздіктер тізімінде сондай-ақ BMW 5 Series, Subaru WRX, Genesis G90, Mercedes-Benz GLC автомобильдері де бар.