Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндеріне арналған ауа райының болжамы қандай?

Демалыс күндеріне арналған ауа райының болжамы қандай?

"Қазгидромет" РМК хабарлауы бойынша, оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады.

©inform.kz

«Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытына ауысуы мүмкін. Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болып, кей жерлерде 18-25м/с  екпінді жел және көктайғақ тудырады», — делінген хабарламада.

Ал сенбі күні циклонның шығуымен республиканың көптеген облысында температурының жоғарылауы күтілуде, ол дүйсенбі күні суық ауа температурасына ауысады.

Синоптиктер қардың жаууы, бұрқасын және көктайғақ, әсіресе таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті болмақ екенін ескертеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version