Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндері ауа температурасы жоғары болады

Демалыс күндері ауа температурасы жоғары болады

Қазгидромет орталығы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде  өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында ауа температурасы +33 — +38ºС шамасында, кей жерлерде 42ºС-ке дейін жоғарылайды. ал оңтүстік-шығыс пен орталықта  ауа температурасы + 30 — +38°С шамасында болады деп болжануда», — деп хабарлайды Қазгидромет.

Астанада 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, алайда жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14- +16°С, күндіз +28- +30°С шамасында.

23 шілде күні де көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +16- +18°С, күндіз +31- +33°С көрсетеді.

Елордада 24 шілде күні оңтүстік-батыстан есетін желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысады. Ауа температурасы түнде +19- +21°С, күндіз +31- +33°С болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version