Басты бет Жаңалықтар 15-17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

15-17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

Оңтүстік циклон Қазақстандағы ауа-райын анықтайтын болады. Синоптиктер 2016 жылғы 15-17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Көрнекі фото

Кезекті оңтүстік циклон Қазақстан аумағына келуге дайындалып жатыр. Әдеттегідей, қысқы уақыттағы бұл циклонмен республиканың көп бөлігінде ауа температурасы тек күрт көтеріліп қоймайды, сонымен қатар ауа-райы да бұзылады.

Алдағы үш тәулікте, республиканың көп аумағында жауын-шашын: қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде күші 18-25 м/с болатын, дауылды жел күтілуде.

Тек батыста ғана температура әдеттегіден 3-6ºС жоғары, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version