Астананың түтін мәселесін қалай шешуге болады?

«Экология басқармасының мәліметінше, ластанудың 50 пайызы көліктерден және олардың тым көптігінен, жанармай сапасының  нашарлығынан болады. Сол себепті біз әр сегмент бойынша алгоритмдер құрастырдық. Екі жыл ішінде ЖЭС-терге қосымша құрылғылар орнату керек», — деді Исекешев индустрияландыру күні  қарсаңындағы жалпыұлттық телекөпір барысында.

Қала басшысы көмір мен жағармайдың сапасына талаптар қойылуы мүмкін екенін айтты.

«Көлік бойынша тапсырма күрделірек. Біріншіден, дизельді отын сапасына бақылауды күшейту керек. Екіншіден, бірінші кезеңде коммуналдық техникаларды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Біз бұл мәселені екі-үш жыл ішінде шешу керек екенін жақсы түсінеміз», — деді ол.