Мамандардың айтуынша, бұл мәселеде ақшаның көп болуы жеткіліксіз. Олардың ойынша, жалақыңыз қаншалықты көп болса да күн сайынғы және ай сайынғы шығынды бақылаусыз қажет емес заттарға жұмсала бермек. Адам қаражатты өзі еңбек етіп, табуы тиіс екен, сонда ғана бақытты бола алады.
Ақшаны дұрыс жаратуға жиі түсетін күйзеліс те кедергі екен. Райс университетінің психологтары күйзелістің жоғары деңгейі ақшаны құнсыздандырып, көп немесе аз ақшаға сауда жасағанда ағзада эндорфин туғызатынын айтып отыр. Психологтардың айтуынша, көп жалақы алуды мақсат тұтқан адам оны жетістік немесе «қаржылық бақыт» деп есептей алмайды.