Тараптар өз құзыреттерi шеңберiнде ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге өнiмдерiн саудалауға, мал тұқымын асылдандыруға жəне агротехнологияны дамытуға қолдау көрсетпек. Сонымен қатар тараптар бiрлескен iс-шараларға (жəрмеңке, көрме, форум жəне конференциялар) атсалысуға уағдаласты. Осы ретте, Мəлiк Мырзалин екiжақты туризмдi дамыту мəселесiне көңiл бөлдi.
«Ақмола облысы iрi туристiк орталық болып саналады. Бiз Ресейден келетiн туристер ағынына басымдық берiп отырмыз. Бiзге келетiн туристердiң 30 пайызы шекаралас Курган, Омбы жəне Түмен облыстарының тұрғындары. Кургандықтар үшiн есiгiмiз әрдайым ашық», — дедi аймақ басшысы.
Сонымен қатар Курган облысының губернаторы Алексей Кокорин де сауда-өнеркәсiптiк жəне əлеуметтiк саладағы ынтымақстық туралы айтып өттi. «Бiз осыған дейiнгi келiсiмдi жаңарту туралы келiстiк. Ендi барлық салалар бойынша «жол картасын» жасайтын боламыз», — дедi Алексей Кокорин. Еске сала кетейiк, Ақмола мен Курган облыстары 5 жыл бойы ынтымақтастықта жұмыс iстеп келедi. Жаңа құжат соны нығайтып қана қоймай, одан əрi дамытуға мүмкiндiк бермек.

