Диета неге нәтиже бермейді?

Ғалымдар кез келген диетаның неліктен нақты нәтиже бермейтінін анықтады.

Диета
Көрнекі сурет

Қандай да бір диетаның нәтижелігі нақты сол адамның генетикасына байланысты. Мұндай пікірді Texas A&M университетінің зерттеушілері айтып отыр. Олардың зерттеуі Genetics журналында жарияланды, – деп жазады РИА Новости.

Ғалымдарға мұндай зерттеу жүргізуге түрлі диеталардың пайда болуы мен салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың саны көбейгенімен, семіздікке шалдыққан америкалықтардың санының азаймауы себеп болған.

Мамандардың айтуынша, әрбір организм өзінше бөлік генетикалық ерекшелігіне орай әсер етеді. Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу қорытындысының барлық адамға көмектесетін әмбебап диетаның жоқтығына сенімді екендерін айтады.

Мамандар енді адамның ДНҚ-дағы мәліметтеріне сүйене отырып, әр адамға жеке диета құрастыра алатындай генетикалық тест жасап көруді жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!