Басты бет Жаңалықтар Жыл соңына дейін 100-ден аса жаңа индустриялық жобалар іске асады

Жыл соңына дейін 100-ден аса жаңа индустриялық жобалар іске асады

Еліміздегі Индустрияландыру бағдарламасы биыл жетінші жыл қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Дәстүр бойынша, бағдарламаның нәтижесі жылдың соңғы айында ұйымдастырылатын Индустрияландыру күні аясында қорытындыланады. Осы жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева жауап берді.

©it-ind.ru

«Биыл жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 триллион теңгеден асатын 100-ден астам жаңа индустриялық жоба іске қосылады. Сондай-ақ, бұл кәсіпорындарда 10 000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Бағдарламаның бірінші бесжылдығында елімізді одан әрі индустрияландырудың негізі қаланды. Көлік, энергетика және тағы басқа да өнеркәсіптік инфрақұрылым салаларындағы мәселелер толығымен шешіліп келеді» — дейді Комитет төрағасының орынбасары.

2015-2016 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр.

Оның айтуына қарағанда, қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция ағыны өсіп келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version