Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында жаңа зауыт іске қосылды

Ақмола облысында жаңа зауыт іске қосылды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының Макинск қаласында базальт тастарынан минералды жылуоқшаулағыш шығаратын зауыт «POLITERM» ЖШС іске қосылды.

Кəсіпорынның бас директоры Жасұлан Мұхаметжанның айтуынша, жобаның жалпы құны — 6 миллиард 771 миллион теңге. Зауыттың іске қосылуы 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің индустриялық дамуына ғана емес, қаланың және жақын елді-мекендердегі әлеуметтік мәселелерін шешеді.

Базальт тастарынан алынатын минералды мақта негізіндегі құрылыс материалының артықшылығы жылу, дыбыс, ылғал, жел өткізбейтіндігінде болып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version