Басты бет Жаңалықтар Биыл елімізде 2,5 млн адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі

Биыл елімізде 2,5 млн адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі

Бұл бағдарламаны жергілікті және республикалық бюджет есебі қаржыландырады. Биылғы жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 130 млрд теңге бөлініп отыр. Аталған қаржының 36 млрд теңгесі вакциналарға, ал 94 млрд теңгесі тікелей рецепт бойынша дәрі-дәрмектерге жұмсалады.

Фото: Inform.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, тегін дәрі-дәрмектер дәрігердің рецептімен ғана таратылады.

«Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету — бұл тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін тегін дәрілермен қамтамасыз ету. Тегін дәрі-дәрмектер тек қана дәрігерлердің рецептімен таратылады. Бұл рецептердің барлығы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Қазіргі күнде 49 ауру бойынша 400-ден астам түрлі дәрілер  2,5 млн пациентке  тегін беріледі», —  деді ол.

Айта кетейік, тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесі елімізде 2005 жылы іске қосылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version