Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Ұлттық валютамыз — теңгенiң әлемдiк қауымдастықтағы сауда-саттықтағы қолданыс аясы жылдан-жылға кеңейiп, экономикада жетiстiктерге қол жеткiзуде. Бұл орайда банк және қаржы саласының қызметкерлерi кәсiби шеберлiк танытуда.
1993 жылдың 15 қарашасындағы ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валютамыз — теңге айналымға шықты. Бұл күн Қазақстан тарихына айтулы күндердiң бiрi, ал теңге — ел мемлекеттiлiгiнiң маңызды белгiсi ретiнде ендi. Төл теңгенiң айналымға енгiзiлуi қазақ елiнiң экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп, ұлттық нарықтық инфрақұрылымды жасаудың алғашқы және қажеттi қадамдарына жол салып, тәуелсiз қаржы-несиелiк және бюджеттiк-салық саясатын, реформаның бастапқы жылдарында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн экономикалық саясатты жүзеге асыруға ықпал еттi. Сiздердiң жұмыстарыңыз ешқашан жеңiл болған емес, ол үнемi зияткерлiктi, моральдық және эмоционалдық күш-қуатты талап етедi. Бүгiн халықтың жалақысы уақытында төленiп, мемлекеттiк бағдарламалар орындалып, қаланың барлық экономикалық салаларында тұрақтылық сақталуда. Сiздердiң нәтижелi жұмыстарыңыздың арқасында бiз алдағы күнге сенiмдiмiз. Мереке қарсаңында барлық қаржы саласының қызметкерлерiне арман-тiлектерiңiз орындала берсiн дегiм келедi. Мықты денсаулық, отбасылық шаттық, сергектiк тiлеймiн.
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

